10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №503

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 тамыз, Астана, Үкімет Үйі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйы­мында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін ‹›Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Білім алушы мектептің жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шыға­рылған жағдайда, Комиссия оны гранттан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық етеді.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Гранттың мөлшерлері: 1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 803 464 (бір миллион сегіз жүз үш мың төрт жүз алпыс төрт) теңгені; 2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 744 094 (екі миллион жеті жүз қырық төрт мың тоқсан төрт) теңгені құрайды. Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.». Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.». 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ